Мәскеу өңірлік "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымының веб-сайты
www.kazakh-tili.ru
.     
Айдарлар/Рубрики:


Соңғы видео


Календарь праздников

Праздники России



Байланыс/Контакты

Тел: 8-926-2321099;
E-mail:
otandastarkz@gmail.com



Пайдалы сілтемелер

Умма.ру

Онлайн курс казахского языка



Мүшелік жарна төлеу

Мүшелік жарна төлеу әдістері



Серіктестер

Киргиз-инфо в Москве

ФНКА

СТР

Союз грузин России

Издание Пресс-клуба при ГУ МДН

Открытый информационный портал еврейской общины России и русскоязычной Диаспоры

Актюбинское землячество в Москве



Сілтемелер


Мәдени орталықтар


  Главная   О нас   Фотогалереи   Видеоканал     Регионы


Сегодня , 21 декабря 2014 года

Елбасымыз сыйға тартқан киіз үй

Мәскеу облысы Красногор ауданы, Нахабино- I елді-мекеніндегі «Le Meridien Moscow country club» - гольф клубында қазақ киіз үйінің таныстырылымы болып өтті. 

Елден  жеткен  әрбір жылы  сөзге, жақсы іске елеңдеп  жүретін біздерді Мәскеуден  отыз  шақырым, Нахабино-I елді-мекеніндегі «Le Meridien Moscow country club» гольф  клубының алаңқайында ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаев тарту еткен қазақ киіз үйінің тұрғаны ерекше күйге бөледі. Бұған, бір жарым ай бұрын қоғам Кеңсесіне осы аталмыш клуб Әкімшілігінің басшысы Н. В. Галкин мырзаның телефон шалғаны себепкер болды. Ол кісі 2006 жылдың  жазынан бері клуб территориясында орналасқан қазағымыздың киіз үйін негізі қалай дұрыс құрып, ішіндегі жиhаз-бұйымдарын қалайша орын-орнына орналастырып, жасақтау жөнінде консультациялық көмек сұраған еді. Мәскеу секілді үлкен мегаполистен «Қазақ тілі» қоғамымызды тауып алып, ақыл-кеңестік жәрдем  сұрап  отырған  мұндай ағайынға  қалай жоқ  дерсің?! Ләм-мимсіз қоғам атынан келісімімді бердім. «Біреудің  үйін  біреу  жығуын білседе, тігуін  білмейді» демекші, тегі  басқа, салты бөлек мұндай ағайындар  киіз үйді тігу түгілі,  жығу,  оны қалай  күтіп  ұстап жасақтаудан   мүлдем  хабарсыз емес пе?! Жарты сағатқа созылған екеуара әңгімеден  түсінгенім -  тезірек онда жетіп, елбасының өзі сыйлаған қазағымның киіз үйін құрып, ішіндегі бар бұйым, мүлік-жиhаздарын орын-орнына қойып, жайғастырып сонда өткелі жатқан V-ші «Красота и Здоровье» фестивалі ауқымында  таныстырылымын өткізу мәселесі  болды.

    Істің басы Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің мәдени-гуманитарлық бөлімі қызметкерлерімен кеңесе отырып, киіз  үйді   орналастырып-құру жұмыстарын бастап кеттік. «Біткен  іске   сын  жоқ, бітірген  ерде мін  жоқ» дегенімізбен, талай  жүйкені  жұқартып, табанды тоздырар  тірліктер жасауға  тура келді.

      Қазақ киіз үйінің тарихы тым тереңде ғой. Нақты қай ғасырда пайда болғанын ғалымдар да тап басып айта алмайды. Көшпелі халықтардың киелі де қасиетті шаңырағы саналатын киіз үйдің қажеттілігі күні бүгінге дейін жойылған жоқ. Тіпті кейбір Еуропа елдерінде киіз үй жасап сатып, байып жатқандар да бар болып жатыр емес пе?! Қоғам активистерімен жабылып жүріп үйді  ашық  жерге  астына  биіктеу  қондырғы орнатып, қайтадан тіктік. Ішіндегі бар бұйымдарын тазартып, кептіріп қайта орналастырдық. Қанша дегенмен ішіндегі бұйымдар аздау.  Бәріміз де білгенімізше ынталанып  жинап, бар ішкі жиhаздарын  орын орнына жайғастырдық. 

      – Қазақ қонысты таңдау үшін де екі-үш жыл уақытын өткізген, - дейді арамызда бізбен жүрген 80-жасар Қайдар ағамыз. – Жер-жер­дің айырмашылығы, ерекшелігі ескерілген. Қо­нысқа лайық-ау деген жерге тезек, тас, күл үйіп қойып, жыл бойына бірнеше рет ке­ліп, қойған белгілеріндегі өзгерістерді байқап­ тұрған. Үй тігетін жер сыз, су арнасы, аңғар болма­уы­на ерекше мән берілген. Жер таңдап болғаннан кейінгі киіз үйді тігу­дің өзінде салт-дәстүр мен әдет-ғұрып жетерлік. Шаңырақты көтеру құрметі кімге лайық екенін білу, үйдің ішінде қай зат қай жерде тұратыны, әрбір ұсақ-түйекке мән бере берсеңіз тіпті естіп тыңдар әңгіме көп қарақтарым, - деп  білгенін айтумен болды, киіз үйді құрысып жатып.

       Арнайы әдебиеттерден оқып-танысып, бәріміз ақылдаса келіп осы үйімізге қажет деген халқымыздың бар сән-салтанатын, мәдениетін көрсететін бұйымдар, ыдыстар, ұлттық киімдер, жауын-шашында су болмас үшін үй сыртына жабатын  жапқыш,  үзік-бау, уық-бау, сыртқы қосымша есік, үйді жылыту жүйелері, шамдар, кітаптар, қазан-ошақ,  желде үй қозғалмас үшін бастырып қоятын арқан, қазықтарға дейін бар керек деген заттардың тізімін құрдық. Әрине, тізіміміздегі заттардың бәрімен киіз үйімізді толығымен жабдықтау үлкен қаражат қажет етеді. Дегенмен, жуырда профессор Н.Е.Бекмахановамен  бірге Ақтөбе облысы Қобыланды ата кесенесінің ашылу салтанатына барып қайтқан сапарым олжалы болды деуге болады. Өйткені онда біздер облыс әкімі Е.Н.Сағындықов мырзаның қабылдауында болып,  «Ел іші - алтын бесік»,- деген рас қой, елбасымыз тарту еткен қазақ киіз туралы мәселені көтеріп, қаражат жағынан көмектесуін өтінгенбіз. Сонда облыс әкімі әңгімемізді ерекше ықыласпен тыңдап, көмек көрсететінін айтып, сый-сияпатпен шығарып салды. «Ер мойынында қыл  арқан  шірімес», - дегендей,  уәде жерде қалмас деген үмітпен  осы керек заттардың тізімін және  бағасы  көрсетілген  қатынас хатымызды Ақтөбе облысының әкімшілігіне жібердік. Енді  күн суымай тұрып, сол өтінішіміз  қанағаттандырылыр деген үміттеміз.

       Осылай  киіз үйді  қалпына келтіру жұмысының  аяғы, 29-қыркүйек күні  қазақи сән-салтанатқа тән бүкіл жасауымен осы клуб ұйымдастырған «Красота и Здоровье» фестиваліне келуші көпшіліктің тамашалауына қойылды. Демеушілері «Thai Airways International», Парламент групп, Пепси, Алеф, Паго шырыны, Королевская Вода компаниялары,  Мизуно және Конте Флоренс спорт маркілері, 8 Часов, Trend,  Дипломат журналдары болған фестиваль өте қызықты өтті.  Кеңсемізден, қайбіреулеріміз үйімізден халқымыздың  сәнін көрсетер бұйымдарды алып келіп, ақ отауды барынша безендіріп, сәндеген болдық. Мыңнан аса қонақтар үйге кіріп, халқымыздың сан мәдениетіне тамсанды. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, халқымыздың ән-күйін тыңдап, биіне сүйсінді. Әрбір бұйымның  қасына тоқтап, суретке түсіп, тарихқа үңілді. Әйтеуір Қайдар ағамыз, Басқарма мүшесі Опабек Танғатаров  бауырымыз қазақ киіз үйінің тарихы жайлы көп біледі екен. Олардың өзімізге, киіз үйімізге келушілерге айтып берген  әңгімелері ерекше ықласпен тыңдалды. Басқа ұлт өкілдері түгілі киіз үйді тігуге байланысты көпте­ген салттық дәстүрімізді біраз ағайындарымыз сол кезде көріп-біліп, танысып хабардар болды. Қыз-келіншектердің әзірлеген ұлттық тағамдары мейрамхана тағамдарынан сапалы болмаса, кем болған жоқ. Осы тойға қатысқан әрбір қазақтың, әрбір қазақстандықтың  жүзінде қуаныш, көңілінде мақтаныш сезімі тұнып тұрды. Күн жарқырап, ауа жып-жылы болып, қазағымның жайлауы Ресей жеріне көшіп келгендей болды. Клубтың жеті жүзден аса мүшесі қатысқан бұл таныстырылымға, елшілік дипломаттары, консул бөлімінің қызметкерлері,  Қазақстанның Мәскеуде оқып жатқан  студент жастары, қоғам активистері мен ақсақалдары қатысты. Таныстырылым арасында өнерпаздарымыз Фестиваль сахнасында да өз өнерлерін көрсетті. Мәскеу «Қазақ тілі» қоғамы Басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл таныстырылым келген жұртшылықтың батасын  алып, ризашылығына бөленді.

      Бүгінгі күні, сары  алтын  күзде  Мәскеу облысы, Красногор ауданы, Нахабино-I елді мекеніндегі осындай элитарлық клубына жайғасқан қазақтың ақ отауында, халқымыздың  осындай мәдениет ошағында от жанып, гүлденуіне  жағдай  жасаған, Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  абыройы биік болып, қазақ  халқының  мәртебесі  арта берсін дейміз.

 

                                                                                                                             "Қазақ тілі" ақпарат

11/10/2007





Добавить комментарий
Имя*:


Е-мейл:


Код с картинки*:

Комментарий:


* - поля обязательные для заполнения
Рейтинг@Mail.ru

Разработка сайта Seomax программирование - веб-студия SLT
Поиск



Ресей теледидары

ПервыйРоссия НТВСпортТВ Центр1



Қазақстан теледидары

KTKТК KazakhstanTK Khabar



Жарнама

Эйр Астана

Казах Ою

1

 2

 3

 

 





Әлем қазақтары


РФ қазақ ұйымдары
ФНКА КРФНКА КР
Московское общество казахской культуры "Мурагер"
КазРНКА г. Москвы
 «Ата-мекен» /Питер/
«Евразия» г.Мурманск
«Қазақстан» г.Волгоград
«Бірлік» г.Томск
«Мөлдір» г.Омск
РКНКА г.Омск
«Ақбата» г. Уфа
«Елім-ай» г. Уфа
«Казахстан» г.Казань
«Достық» г.Тюмень
«Ата-Мұра» г. Барнаул
«Ақ жол» г.Самара
«Жолдастық» г.Астрахань
РНКАК Саратовской обл.
«Казахская лига Поволжья»
НКАК Тюменьской обл.
НКАРК «Жұлдыз» г. Ялутор
«Қос ағаш» Алтайский к.
«Бірлік» Челябинская обл.
РНКАК Курганской обл.
«Өркен» г. Калининград
«Ассоц.Поволжских казах.»
 «Ата-Мекен». г.Сургуть
«Отан» г.Новосибирск
«Азамат» г. Челябинск
Казахский КЦ г. Ишим
«Жерлестер» г. Элиста
«Ата-Мекен» Ханты-Мансы
МНКАК г. Красноярск
«Жолдастык» г. Краснодарь
"Атамекен" Саха-Якутия
"Евразия-Казахстан" Екатер.
"Ассоциация казахов"Оренб.
КЦ "Бірлік" /Питер/
Я-Ненецкий АО, г.Салехард

КЦ Казахстан Саратов обл.

РНКА казахов Оренбуржья

РНКА казахов Вологды



Погода
GISMETEO: Погода по г. Астана GISMETEO: Погода по г. Меленки